БастыҚоғам

Кене коронавирус тасымалдаушысы бола ала ма?

ҚР клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының және Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреев онлайн брифинг барысында «Кенелер коронавирус тасымалдаушысы бола ала ма?» деген сауалға жауап берді.

Эпидемиологтың айтуынша, коронавирустың қан соратын жәндіктер арқылы жұғу ықтималдығы өте аз.

«Күн жылысымен кенелер шыға бастайды. Сәуір-мамыр айларында өте белсенді болады. Кененің шағуы қауіпті және жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Маса, шыбын мен кене сияқты жәндіктер коронавирус инфекциясының тасымалдаушысы болып табылмайды. Мұндай ақпарат та, ғылыми дәлел де жоқ», – деді Сәкен Әміреев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button