
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Астана» концерт залында күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Заман-ай» атты онлайн концерті өткізді.
Кештің мақсаты – қазақтың күй өнерінде айқын қолтаңбасын қалдырған Сейтек Оразалыұлының мол мұрасын көрсету болатын.