БастыДенсаулық

Коронавирустан емделіп жатқан 579 адамның жағдайы ауыр

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 579 адамның жағдайы ауыр; • 162 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1584 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 345, Алматы қаласы – 469, Шымкент қаласы – 31, Ақмола облысы – 2, Ақтөбе облысы – 99, Алматы облысы – 126, Атырау облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 50, Батыс Қазақстан облысы – 92, Қарағанды облысы – 108, Қостанай облысы – 118, Қызылорда облысы – 7, Маңғыстау облысы – 20, Павлодар облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 45, Түркістан облысы – 8. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 237446.
Сонымен қатар,  өткен тәулікте 2229 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.  Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 276054.

Басқа жаңалықтар

Back to top button