БастыСпорт

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті қызметіне қайта сайланды

12 сәуірде Алматыда өткен Азия күрес кеңесінің Бас ассамблеясында оның қазіргі басшысы Дәулет Тұрлыханов қатысушылардың бірауызды шешімімен төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Жиында құрлық федерациясының төрт жылда атқарылған есебі тыңдалды. Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович Токио ойындарына тиесілі жолдаманың 75 проценті өз иесін тапқанын атап өтті.

Әрі Қазақстанның әлем чемпионаты мен құрлықтық іріктеу жарысын жоғары деңгейде ұйымдастырғанына алғыс білдірді. Жиында Азия біріккен күрес әлемінің президенті мен атқару мүшелері сайланды. Жеті елдің мамандары бірауыздан Дәулет Тұрлыхановқа дауыс берді.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов 2017 жылы мамыр айында Нью-Делиде өткен конгресте Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button