БастыДенсаулық

35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

13 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 35 178 адам короновирус инфекциясынан (34 703 КВИ+ және 475 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өзінің Telegram каналында.

Олардың ішінде 12 324 пациент стационарда, 22 854 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 586 адамның жағдайы ауыр; • 175 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамнан коронавирус анықталды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 337, Алматы қаласы – 598, Шымкент қаласы – 20, Ақмола облысы – 90, Ақтөбе облысы – 85, Алматы облысы – 263, Атырау облысы – 34, Шығыс Қазақстан облысы – 20, Жамбыл облысы – 51, Батыс Қазақстан облысы – 113, Қарағанды облысы – 203, Қостанай облысы – 30, Қызылорда облысы – 51, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 57, Солтүстік Қазақстан облысы – 31, Түркістан облысы – 24. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 273825.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан жазылып шықты.  Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 235862.

Басқа жаңалықтар

Back to top button