БастыСпорт

Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің жеңімпаз атанды

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық жұп финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандықтар басымдылық көрсетті – 7:5. Екінші сетте Польша жұбы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жеңісті жұлып алды – 10:5. Тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button