Бастыпроисшествие

Бір аптада 3 295 қылмыс тіркелді

Бір апта ішінде елімізде 3 295 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.

ІІМ өкілінің дерегінше, апта ішінде орын алған 3 295 қылмыстың 2 144-і тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 15 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 29 тонау және 480 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді ол ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар ол өткен аптада ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Сенатта Қырғызстанмен көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заң жобасын ұсынғанын айтты. Министрлік дерегінше, өткен жылы Қазақстанға Қырғызстанның 281 мыңнан астам азаматы келген. Көрші елге 175 мың қазақстандық барған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button