БастыҚоғам

Жел, тұман, найзағай: алты облыста ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы үш күнде еліміздің алты облысында жел, тұман, найзағай күтіледі.

8-10 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі.  10 сәуірде кей жерлерде найзағай күтіледі. 8 сәуір күндіз, 9-10 сәуірде тәулік бойы солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Таразда 10 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

8-9 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі.

Бүгін Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақмола мен Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қаласында 8 сәуір түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал Ақтөбе облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button