БастыСпорт

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Венгрияны ұтып, 2022 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді. Кака шәкірттері төрт ойында төрт рет жеңіске жетіп, 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының жолдамасын жеңіп алды. Еуропа додасы 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландыда өтеді.  Венгрия – Қазақстан – 1:6 Голдар: Дрот 24 – Есенаманов 5, Валиуллин 9, Тайнан 10, Надь (автогол) 15, Дуглас 23, Ақбалықов 33 Қазақстан: Игита (қ) (к), Тайнан, Нұрғожин, Тұрсағұлов, Дуглас – Байдулла (қ), Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Досов, Балтабаев. Қазақстан құрамасы келесі ойындарын Нұр-Сұлтан қаласында 9 және 11 сәуір күндері Израильге қарсы өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button