
Қазақстандық Зарина Дияс Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.
Әлемнің 88-ракеткасы З.Дияс алғашқы айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, дүниежүзілік рейтингіде 151-орында тұрған ресейлік Наталья Вихлянцевамен кездесті.
Бірінші партия барысында Зарина өз шеберлігінің басым екендігін көрсетті – 6:3.
Қазақстандық теннисші екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Ақыры үшінші матчболын сәтті пайдалана алды – 6:1.
Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.
З.Дияс екінші айналымда отандасы, әлемнің 31-інші, осы доданың 11-ракеткасы Юлия Путинцева немесе рейтингіде 104-сатыдағы германиялық Андреа Петковичтің біреуімен кездеседі.