БастыДенсаулық

Батыс Қазақстанда төрт күнде 430 адамнан коронавирус табылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 430 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның тең жартысына жуығы немесе 208-і Орал қаласында тіркелген.

Сондай-ақ індет Бөрлі (74) және Бәйтерек (62) аудандарында өршіп кетіп отыр. Төрт күнде Теректіде 23, Сырым мен Қазталовта 13, Тасқалада 9 адамның ауырғаны тіркелді.

Департамент мәліметіне қарағанда, 430 адамның 357-сінде ауру белгілері болса, 173-інде симптомсыз өтуде. 202-сінен ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген кезде анықталса, 149 адам бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. Оған қоса профилактикалық мақсатта қаралған 72, стационарға жатқызу алдында сынама алынған 7 адамнан коронавирус табылды.

Індет басталғаннан бері өңірде 15576 адам сырқаттанса, соның 12516-сы жазылып шықты. 246 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде 100-ден астам полиция қызметкерінің екпе салдырғанын жазған болатынбыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button