БастыСпорт

WBO титулы: Жанқош Тұраров салмақ өлшеу рәсіміне келмеді

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) британдық Тайрон Маккенамен (21-2-1, 6 КО) болатын айқас алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен уақытында өте алмады, деп хабарлайды Sports.kz.

Боксшылар ертең 3 сәуір күні Дубайдағы Caesars Palace аренасында жекпе-жекке шығуы керек. Бәсекеде Тұраровқа тиесілі бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпионы титулы сарапқа салынады.

Айқас алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне тек Маккенна келді. «Алып кельттің» салмағы 63,5 санаттағы лимит кезінде 63,3 килограмды құрады. Шараның жүргізушісі қазақстандық боксшы «соңғы унцияларды» тастау үшін қосымша уақыт сұрағанын және таразыға кешірек түсетінін мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button