БастыДенсаулық

Ресейде коронавирустан алғаш рет пациент қайтыс болды

Ресейде коронавирустан алғаш рет адам өлімі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ iz.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәскеудегі инфекция жағдайын бақылау және мониторинг жасау бойынша шұғыл штаб хабарлады.

Олардың мәліметінше, COVID-19 инфекциясынан алғаш рет көз жұмған пациент 79 жастағы әйел адам. Ол Мәскеудегі ауруханалардың бірінде қайтыс болған.

Хабарламада қарт кісінің бірқатар созылмалы аурулары болғаны айтылған. Сондай-ақ зейнеткер жансақтау бөлімінде бірнеше кешенді интенсивті терапия қабылдап, оқшауланған бокста жатқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button