БастыҚоғам

Қарағандыда 4 жыл бойы жылқы ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қарағанды облысының ПД және оның бөлімшелерінде азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні ZOOM интернет платформасы арқылы өтті. Онлайн-кездесу барысында полицейлер жылқы ұрлығымен айналысқан топтың бірқатар қылмысын ашқаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин өзінің орынбасарларымен және аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтарымен бір жұмыс күні аралығында азаматтарды қабылдады. Адамдарды негізінен белгілі бір қылмыстық істер бойынша тергеу барысы, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері қызықтырды.

Қарағанды облысының тұрғыны Құрманбай Қалдыбеков Криминалдық полиция қызметкерлеріне жылқы ұрлығын ашқаны үшін алғыс айту үшін Департамент бастығының қабылдауына жазылған екен. Айта кету керек, Құрманбай Төкенұлы 2019 жылдың желтоқсан айының соңында қабылдауда болған, сол кезде ауыл тұрғыны Шет ауданында 22 бас жылқы ұрлығын, мүліктік қылмысты ашу үшін шаралар қабылдауды сұраған. Полиция полковнигі Ерлан Файзуллин өтініш берушіге істі бақылауға алуға, барлық қажетті жедел іс-шаралар мен тергеу әрекеттерін жүргізуге уәде берді.

Мәселен, 3 наурызда мұқият әзірленген және сауатты жүргізілген операция барысында Қарағанды облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаарқа және Шет аудандарында жылқы ұрлауға мамандандырылған тұрақты қылмыстық топты анықтап, ұстады.

Оның құрамына Жаңаарқа ауданының 30-40 жас аралығындағы бірнеше тұрғыны кірді. Қылмыстық топ төрт жыл бойы заңсыз әрекет еткен.

«Мен сізге шексіз ризамын. Полиция қызметкерлерімен орасан зор жұмыс жүргізілді. Тәртіп сақшыларының тынымсыз барлық дәлелдеу базасын тынымсыз жинағанының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Ауыл тұрғыны үшін мал – жалғыз табыс көзі. Енді қылмыскерлердің әрекетіне соңғы нүкте қойылды», – деді Құрманбай Қалдыбеков.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, халықпен «кері байланыс» орнату – біз үшін маңызды міндеттердің бірі. Туындаған мәселелер мен проблемалар жедел шешілуі үшін облыс тұрғынының әрбір өтініші мен шағымдарына тиісті жауап беріледі. Бұл іс-шараны ай сайын өткіземіз», – деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button