БастыҚоғамСаясат

Желіде бостандыққа шыққан Жәкішевтің үйінде түскен суреті тарады

Әлеуметтік желіде бүгін таңертең Семей түрмесінен бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішевтің үйінде түскен суреті пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Суретті қазақстандық бизнесмен Арманжан Байтасов Instagram желісіндегі парақшасында жариялап:

«Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты және үйіне келді», – деп жазба қалдырды.

Кадрдан Мұхтар Жәкішевтен бөлек, Арманжан Байтасовты, Нұрлан Смағұловты, Болат Әбіловті, Райымбек Баталовты байқауға болады.

Еске сала кетсек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Жәкішев үш рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Оның өтініші екі рет қабылданбаған болатын.

Осы жылдың наурыз айының басында Семейдегі №2 сотта Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы үшінші өтініші қаралады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button