«Соңғы бес жылда әйелдер мен балалардың құқықтарын бұзатын қылмыстар саны екі есеге азайды. Сонымен қатар, карантин және қатаң оқшаулау жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы күшейе түсті. Мұндай жағдай қазіргі кезде көптеген елде болып жатыр. Өткен жылдың соңында осындай қылмыс саны 4,7% өсті», – дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.
Оның айтуынша, тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың жалпы санымен салыстырғанда отбасылық қылмыстың үлесі аз, бар болғаны 1% құрайды.
«Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 50% -дан астамы – әйелдер болса, 6,4%-ы – кәмелетке толмағандар. Әдетте, мұндай құқықбұзушылықтардың жартысы мас күйде жасалады. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапқа тартылғандардың 81%-ы еш жерде жұмыс істемегендер», – дейді ол.