БастыҚоғам

Ақтөбеде мандарин жеген балалардың қайтыс болғаны рас па?

WhatsApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес берілген. Ақтөбеде жеміс жеген бірнеше бала қайтыс болған екен. Бұл ақпарат – жалған, деп хабарлады stopfake.kz.

Ақтөбе облысының полиция департаменті өмірге қауіпті жемістер туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске саламыз», – делінген департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button