БастыСпорт

Өскемендік «Алтай» волейболдан Қазақстан Чемпионы атанды

Павлодарда волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстанның 29-шы чемпионаты мәресіне жетті. Плей-офф қорытындысы бойынша Өскеменнің "Алтай" клубы жеңімпаз атанды деп жазады Olympic.kz. 

Плей-офф кезеңіндегі барлық кездесуде жеңіске жеткен «Алтай» клубы чемпион атанса, екінші орынды талдықорғандық «Жетісу», үшінші орынды Петропавлдың «Қуаныш» командасы иеленді.

Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын «Жетісу» ойыншысы Надежда Кодола мен «Қуаныш» намысын қорғайтын Светлана Парукова иеленген. «Үздік либера» атағын «Алтай» ойыншысы Мадина Бекет алса, команда мен ұлттық құрама үздігі Сана Анарқұлова «Ең бағалы ойыншы» атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button