
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін сағат 11:04-те 103 пультіне жол апаты туралы қоңырау түскен. Куәгер Қаракөл ауылының маңындағы Ленин – Ертіс – Русская Поляна автожолында 11 автомобильдің қатысуымен жол апаты болғанын, оның екеуі КамАЗ жүк көлігі екенін хабарлаған.
«Барлығы алты адамның зардап шеккені анықталды, олардың біреуі – бес жасар бала», – делінген ведомство хабарламасында.
Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақаттары, бас миының шайқалуы, түрлі сынықтар мен көгерулер бар төрт ересек адам жеткізілді.
Сондай-ақ жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы анықталған бала әжесімен бірге облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.


