
Мадридтік «Реал» Instagram-парақшасында қазақстандық суретші Қанат Нұртазиннің туындысын жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасымыз үйеңкі жапырағының көмегімен мадридтіктердің логотипі мен команда капитаны Серхио Рамостың суретін салған. Туынды әдемі шыққан. «Бұл таңғаларлық», – деп баға берген.


