Қазақстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы флешмоб бастады. Олар карантин кезінде адамдардан ауру жұқтырып алмау үшін сыртқа шықпай, үйде отыруды сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақ халаттылардың суреті Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының Facebook парақшасында жарияланды.
Фото: facebook.com/zhambyluzo
Суретте дәрігерлер «Мен Сіз үшін жұмыста қалдым, Сіз мен үшін үйде болыңыз» деген жазуы бар парақ ұстап тұр.
Фото: facebook.com/zhambyluzo
Флешмоб коронавирустың салдарынан үйде отыруға мәжбүр болған қала тұрғындарына арналды.
Дәрігерлер карантин кезінде адамдарды сыртқа шықпай, үйде болуға шақырды.
Фото: facebook.com/zhambyluzo
Фото: facebook.com/zhambyluzo



