
Құжатқа сәйкес, шет елдерде демалатын жерлестеріміз үшін қосымша алдын алу шаралары қоланылады. Шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптар өзгергені туралы туроператорлар хабардар етті. Қаулыдағы тағы бір жаңалық – демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы тест тапсырып барып, медициналық ұйымға жіберіледі және анықтаманың мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек.
Бұған қоса республиканың барлық өңірінде қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай, дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді.