БастыҚоғам

Азық-түлікті арзан бағада сататын 13 әлеуметтік дүкен ашылған

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақтандырылуда. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы бірқатар базарлар мен Отырар ықшам ауданында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жәрмеңке өткізілді.

Жәрмеңке облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен өтті. Онда 14 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде ұн – 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәбіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолжетімді жасау мақсатында Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркет ашылған. Ал, азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өскен жағдайда, оның себептерін анықтау бойынша облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне тапсырма беріледі бағаны қолдан өсіргендерге тиісті шаралар қаралып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button