БастыҚоғам

«Жарылғыш зат табылған» қонақ үйден 97 адам эвакуацияланды

Ақтөбедегі «Ibis» қонақүйі қауіпсіздік қызметінің бастығы дәретханадан «жарылғыш заттың» табылғанын айтып, полициядан көмек сұраған.

«Оқиға орнына барлық жедел қызмет жіберілді. Полиция қызметкерлері «Ibis» қонақүйінен 97 адамды эвакуациялады. Олардың 10-ы қонақүй қызметкері, жетеуі банк қызметкері, өзгесі қонақ үй бөлмесін жалға алғандар. Арнайы бөлімше саперлері қонақ үйдің әкімшілік ғимаратына тексеру жүргізді. Тексеру барысында бірінші қабатта орналасқан дәретхана бөлмесіндегі қол жууға арналған орыннан жарылғыш құрылғысына ұқсас металл зат табылды. Металл корпуста «муляж» гравировкасы бар. Қазір оны тастап кеткен адамды анықтауға бағытталған арнайы және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексте «Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button