
Олардың ішінде 6 537 пациент стационарда, 15 477 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 304 адамның жағдайы ауыр; • 75 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 24 наурыздағы мәліметтері бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.