
GGG бұған дейін мексикалық Хайме Мунгия мен жапониялық Риота Мурата екеуінің бірімен жұдырықтасады деп хабарланған. Головкиннің таңдауы жапон боксшысына түсті.
Мурата Токиодағы шағын Нара қаласында туған. Бірінші сыныпта бокспен айналыса бастапты. Мектепте жүргенде ұлттық жарыстарға қатысып, бес титул иеленген.
2005 жылы 19 жастағы Риота Азия чемпионы атанды. Содан кейін бірнеше жыл бойы өз елінде қарсылас шақ келтірмейді, қарсыласының бәрін жеңген.