
Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр. «Сары» аймақта Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта. Еске салайық, 16-17 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларымен қоса, «қызыл» аймақта Батыс Қазақстан облысы болған еді. 18 наурызда БҚО «сары» аймаққа өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1264 адамда коронавирус індеті анықталды және 749 адам емделіп шықты.
Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 95 Алматы қаласы – 189 Шымкент қаласы – 3 Ақмола облысы – 45 Ақтөбе облысы – 50 Алматы облысы – 94 Атырау облысы – 42 Шығыс Қазақстан облысы – 16 Жамбыл облысы – 9 Батыс Қазақстан облысы – 44 Қарағанды облысы – 68 Қостанай облысы – 53 Қызылорда облысы – 9 Маңғыстау облысы – 10 Павлодар облысы – 21 Түркістан облысы – 1 Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусқа жалпы 229 217 адам шалдықса, соның 209 630-ы жазылды.