Иманбек Зейкенов «Вечерний Ургант» бағдарламасында қонақта болды

Бұл кездесуге жерлесіміз Grammy сыйлығын иеленгеннен кейін шақырылған. Қазақстандық диджейдің америкалық рэпер Saint JHN-нің Roses әніне жазылған ремиксі үздік деп танылған болатын.

Бұған дейін Ургант Imanbek-ті Grammy үміткерлерінің тізіміне енген кезде видеобайланыс арқылы арнайы құттықтаған болатын.

Иманбек әңгімелесу барысында онлайн өткен марапаттау рәсімінен соң ұйықтап қалғанын, таңертең қоңырау шалғандардың саны тоқсаннан асып кеткенін, тіпті арнайы Мемлекет басшысы да құттықтау жібергенін айтты.