БастыДенсаулықҚоғамСаясат

Сағынтаев Алматының карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға үндеу жасады

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде Қазақстанда жаңа вирустың таралуына байланысты тұрғындарға үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«ТЖ енгізу туралы шешім оқиғалардың алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Вирусқа қарсы алдын алу шаралары қаңтар айында басталған.

Вирустың таралу қарқыны жоғары. Қауіптің жылдам өсуіне байланысты кідіртуге болмайды. Мен қалада карантин енгізуді ұсындым.

Басты мақсат – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу арқылы инфекцияның таралуын тоқтату. Ауқымды іс-шаралар жүргізіледі. Қоғамдық орындарда санитарлық нормалар күшейтіледі.

Азаматтардың шығып-кіруі шектеледі. Қалаға кіре берістерде 27 блок пост ашылады. Алғашқы қажеттілік тауарларының кіруіне «жасыл дәліз» орнатылады.

Карантин мерзіміне балабақшалар, мекемелер мен ірі сауда ойын-сауық орталықтары жабылады. БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырып отырамыз.

Әрқайсымыз үшін ерекше сәт туды. Карантин ортақ қауіпсіздік үшін енгізіледі.

Бірге біз барлығын еңсереміз», – деді Сағынтаев.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың карантинді енгізу бойынша қала тұрғындарына үндеуі——Обращение акима Алматы Бакытжана Сагинтаева к горожанам в связи с введением карантина

Опубликовано Бакытжан Сагинтаев Вторник, 17 марта 2020 г.

Айта кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Комиссия Нұр-Сұлтан және COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, 19 наурыздан бастап екі мегаполисте карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button