Басты

Қазақстан көлік кептелісі бойынша әлемде 51-орында

Трафиктің шамадан тыс жүктелуі бойынша әлемдегі ең нашар елдердің рейтингінде Қазақстан 85-тен 51-орынды иеленді, деп хабарлайды finprom.kz .

Елдің трафик индексі 128,37-ні құрады. Индекс жұмысқа баратын уақытты, уақыт шығындарына қанағаттанбауды, жол қозғалысы кезінде CO2 тұтынуды және әлемнің әртүрлі елдеріндегі жол қозғалысы жүйесінің жалпы тиімсіздігін бағалайды

Рейтинг деректеріне сәйкес, ҚР-да жұмысқа баруға жұмсалған орташа уақыт бір жаққа ғана баруға 33,64 минутты құрайды. ҚР-дағы СО2 шығарындыларының индексі 4040,36-ны құрады, бұл – екі жаққа жұмсалған қозғалыс кезінде СО2 шығарындыларын бағалау көрсеткіші.

2021 жылғы қаңтарда ҚР көлік-логистика саласына 26,6 млрд теңге салынды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 33% – ға артық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button