
Бұл күні барлығы ұлттық киімде келіп, ұжымдық қара жорға биін билеп, бір-бірін құттықтап ізгі тілектерін жаудырды. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.
Қазақтың ұлттық биі «қара жорға» – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Мерекелік көңіл күймен «Қара жорға» биін ұжыммен бірге билеп шыққан филормонияның Бас директоры – Дакенов Ерлан әріптестерін шын жүректен амал мерекесімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Осы орайда көптеген мерекелік іс-шаралардың ортасында жүрген Бас директордың орынбасары – Олжас Сыдықбек:
«Бұл – біздің түркі халықтарына ортақ, ежелден келе жатқан мейрам. Мазмұны жағынан толығып келе жатқан, ғибратқа толы мерекеміз құтты болсын! Ырысымыз тасып, берекеміз арта берсін!» – деп сөзін түйіндеді.