БастыДенсаулық

Коронавирус жұқтырған 239 адамның жағдайы ауыр

Коронавирус жұқтырған 5 163 пациент стационарда ем қабылдауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам короновирус инфекциясынан (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 239 адамның жағдайы ауыр; • 51 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 36 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 539 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 8, Шымкент қаласы – 6, Ақмола облысы – 97, Алматы облысы – 31, Атырау облысы – 50, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Жамбыл облысы – 53, Батыс Қазақстан облысы – 34, Қарағанды облысы – 52, Қостанай облысы – 86, Қызылорда облысы – 6, Маңғыстау облысы – 12, Павлодар облысы – 75, Солтүстік Қазақстан облысы – 10, Түркістан облысы – 3. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 207371.

Басқа жаңалықтар

Back to top button