БастыСпорт

Таэквондодан Түркиядағы турнир қазақстандықтар үшін сәтті басталды

Ыстамбұл қаласында таэквондодон халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Турнирге 32 елдің өкілі жиналды. Жарыстың алғашқы күндері қазақстандық спортшылар 1 алтын мен 1 күміс еншіледі. Атап айтқанда, 59 келідегі Аяжан Сапархан қарсылас шақ келтірмеді. Ол қатарынан 5 жекпе-жекте жеңіске жетті. Финалдық сында түркиялық спортшыны 3:0 есебімен ұтты. Ал ерлер арасында орта салмақтағы Әділ Тілеуғабыл күміс жүлдегер атанды. Ол да финалда жергілікті спортшымен жолығып, ұпай айырмасымен есе жіберді. Түркиядағы турнир бүгін де жалғасады және жарыс алаңына тағы 3 спортшымыз шығады.

Айта кетейік, ұзақ үзілістен кейін Қазақстан чемпионаты да жуырда ғана жанданды. Оны Талдықорған қаласы қабылдаған болатын. Ал мамыр айында Ақтөбе қаласында жастар ойыны өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button