БастыДенсаулық

Коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, 12 наурыз күнгі дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 11 адам көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қаласы – 1 адам, Алматы қаласы – 1 адам, Алматы облысы – 2 адам, Батыс Қазақстан облысы – 2 адам, Қарағанды облысы – 4 адам, Павлодар облысы – 1 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, 14 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде 18 973 адам коронавирус инфекциясынан (14 720 КВИ+ және 4 253 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 041 пациент стационарда, 13 932 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 232 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 33 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button