
Жарыстың кезекті күнінде 52 келіде Сәкен Бибосынов жартылай финалда қарсыласының шаршы алаңға шықпауы себепті финалға жолдама алды.
Ағайынды Айбек пен Нұрбек жарыстағы жеңісті жолын жалғастырып келе жатыр. Айбек 81 келіде, Нұрбек 91 келіде финалда жұдырықтасады.
57 келіде Оразбек Асылқұлов жартылай финалда кезекті қарсыласын жеңіп, финалға шықты.
Сонымен қатар, жарыстың кешкі сессиясында құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабай (+91 кг) мен Ертуған Зейнуллинов (63 кг) алтын үшін жекпе-жек өткізеді.