БастыМәдениет

«Мирас» Жетісу дәстүрлі ән орталығы ашылды

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жанынан «Мирас» Жетісу дәстүрлі ән орталығы ресми түрде ашылды.

11 наурыз күні өткен Орталықтың ашылуына Алматы облысының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ел ағалары Алматы облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, Алматы облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, мәдениет жанашыры Мұқанов Серік Мейірханұлы, Облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры, ҚР ақпарат саласының үздігі Сарыбай Серік Әбікенұлы, дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанпейісов Нұржан Қабимолдаұлы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Кенжебекова Алмахан Нұрпейісқызы, Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрінұлы қатысып, орталықтың ашылуымен құттықттады. Өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Орталық құрамына кірген дәстүрлі әншілерге мүшелік билеті табысталды. Сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген әртісі, мәдениет ардагері Мырзахмет Мукаманов барлық жиналған қонақтарға батасын берді.

Орталық 2021 жылдың соңына дейін Жетісу әншілік мектебінің насихаттаушылары, бүгінгі күнгі орындаушылары, қазіргі таңда орындалып жүрген және ұмытылған әндер туралы кітап шығаруды жоспарға енгізген.

Қазіргі таңда орталық өз жұмысын бастап, жаңадан жарыққа шығатын кітап төңірегінде материалдар жинақтаумен айналысуда. Бүгінгі таңда Жетісу дәстүрлі ән мектебін дәріптеу мақсатында облыс, Республика көлемінде гастрольдік сапарларға шығу жоспарланды. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде танылмай жүрген жас таланттарды табу, Жетісу дәстүрлі ән трендін қалыптастыру мақсатында басқа облыстармен, дәстүрлі ән өнері оқытылатын оқу орындарымен тығыз іскерлік қарым-қатынас ортану көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button