Басты

Полицейлердің зейнетке шығу жасы өзгеруі мүмкін

«Шынымен де қазіргі кезде полициядағы біздің қызметкерлер өте тәжірибелі, кәсіби мамандар. Олар 45-55 жаста қызметтен кетіп, зейнеткерлікке шығуға мәжбүр болады. Жұмыстан кеткеннен кейін, қазір түрлі коммерциялық құрылымдарда қызмет етіп жатыр. Біз осы мәселені көтеріп жатырмыз», – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттағы Үкімет сағатында.

Бұл орайда ол қызметкерлердің зейнет жасына шығу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

«Мысалы, майорлар үшін 52 жасқа дейін (плюс 4 жыл), ал подполковниковтер үшін – 55 жасқа дейін, полковниктерге 58 жасқа дейін және жоғары басқару құрамына 63 жас ескеріліп отыр», – деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button