БастыҚоғам

Ақтөбеде 42 жастағы тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды

Жедел жәрдем қызметкерлері Ақтөбе қалалық полиция бөліміне хабарласып, көпқабатты үйдің кіреберісінде пышақ жарақатын алған адамның жатқанын айтты.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетіп, 42 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу барысында ер адамдар ішімдік ішіп, жанжал кезінде күдіктінің жәбірленушіге бірнеше рет пышақ салғаны белгілі болды.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button