БастыДенсаулық

Елімізде 653 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда 653 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz

Нұр-Сұлтан қаласында – 114, Алматы қаласында – 118, Ақмола облысында – 76, Ақтөбе облысында – 10, Алматы облысында – 75, Атырау облысында – 19, Шығыс Қазақстан облысында – 27, Жамбыл облысында – 18, Батыс Қазақстан облысында – 39, Қарағанды облысында – 45, Қостанай облысында – 65, Қызылорда облысында – 7, Павлодар облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 12. Елімізде барлығы 204 782 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып кетті.

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 558 адам короновирус инфекциясынан (14 050 КВИ+ және 4 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 713 пациент стационарда, 13 845 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 231 адамның жағдайы ауыр; • 47 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, 11 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясын 899 адам  жұқтырған .

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 221 699 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -26 124(+112), Алматы қаласында – 26 708(+237), Шығыс Қазақстан облысында – 22 394 (+34), Атырау облысында – 17 582(+41), Павлодар облысында – 18 363(+52), Қарағанды облысында – 15 965(+68), Ақмола облысында – 14 347(+55), Батыс Қазақстан облысында – 13 667(+71), Солтүстік Қазақстан облысында – 12 679(+38), Қостанай облысында – 12 973(+49), Алматы облысында – 11 443(+76), Шымкент қаласында -6 319(+9), Жамбыл облысында – 6 099(+9), Түркістан облысында – 4 340(+5), Маңғыстау облысында – 4 292(+0), Ақтөбе облысында -4 463(+39), Қызылорда облысында -3 911(+4).

Басқа жаңалықтар

Back to top button