
Бұйрыққа сәйкес Ұлттық спорт түрлерінің тізбесіне: Аударыспақ, Асық ату, Бәйге, Жамбы ату, Жекпе-жек, Көкпар, Қазақ күресі, Құсбегілік, Тоғызқұмалақ енген.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу қадамдарын түсіндірген болатын. Министрдің айтуынша, ең алдымен білім беру ұйымдарында асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресін енгізу жоспарланып отыр.