БастыҚоғам

Мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірген

Украинаның Ровненск облысында мысық төрт айлық сәбиді тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы Жедел медициналық көмек көрсету орталығының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал шақалақтың бетінде мысық ұйықтап жатқан.

Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған. Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button