БастыДенсаулық

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 230 адамның жағдайы ауыр; • 56 пациенттің жағдайы өте ауыр; • 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша ПТР арқылы 693 адамда коронавирус індеті расталды.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 143, Алматы қаласы – 160, Шымкент қаласы – 2, Ақмола облысы – 66, Ақтөбе облысы – 6, Алматы облысы – 28, Атырау облысы – 40, Шығыс Қазақстан облысы – 9, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 57, Қарағанды облысы – 51, Қостанай облысы – 49, Қызылорда облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 56, Солтүстік Қазақстан облысы – 16, Түркістан облысы – 3. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 220 018.

Басқа жаңалықтар

Back to top button