БастыДенсаулық

Бір тәулікте 2 науқас коронавирус пневмониясынан қайтыс болды

7 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 182 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бергі статистика: ауырғандар – 49 577, 646 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43 985 жетті.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 464 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 66, Алматы қаласы – 26, Ақмола облысы – 59, Алматы облысы – 75, Атырау облысы – 85, Батыс Қазақстан облысы – 7, Қарағанды облысы – 43, Қостанай облысы – 22, Қызылорда облысы – 3, Павлодар облысы – 67, Солтүстік Қазақстан облысы – 11. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 202 694.

Басқа жаңалықтар

Back to top button