Бастыпроисшествие

«Қазақалтыннан» 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

Ақмола облысында «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концерніне тиесілі құны 122 миллион теңге болатын алтын ұрланды. Бұл ақпаратты Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ақмола полицейлері 2021 жылдың 2 наурызына қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі алтын катодын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық әрекет нәтижесінде кәсіпорынға 122 миллион теңге сомасында залал келді. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қылмысты жасауға қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тәжірибелі тергеу қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етілмейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button