Бастыпроисшествие

Жеті адам көлік апатынан зардап шекті

Павлодар жанындағы Кенжекөл және Байдала ауылдарының арасында жөл-көлік апаты болды. Апат салдарынан бес ересек адам және екі бала зардап шекті

Жедел жәрдем қызметінің үш машинасы апат болған жерге төрт минутта жетті. Соқтығысқан көліктер ішінде болған жеті жолаушы №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.

«Үш автокөлік соқтығысынан жеті адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Кенжекөл және Байдалы ауылдарының арасында болды», – деп облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Олар 1980, 1989 және 1990 жылдары туған үш ер адам, 1987 және 1989 жылғы екі әйел адам, олармен бірге 2008 және 2010 жылғы екі бала», – деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button