БастыҚоғам

«Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жоюға дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында 2021 жылғы 4-5 наурыз аралығында «Көктем–2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. Оқу-жаттығуға басшылық Павлодар қаласынан жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хаабарлады.

Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (республикалық азаматтық қорғау қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар), облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерінен, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктерінің бөлімшелерінен, Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінен және Қорғаныс министрлігінің келісімі бойынша жедел топтарды тарту жоспарлануда.

Төтенше жағдайларды жою бойынша трансшекаралық іс-шараларды пысықтау шеңберінде елдің шекаралас өңірлерінде Ресей мен Өзбекстан Республикасы ТЖМ бөлімшелерінің штабтық ойындарына қатысу жоспарланған.

Жоспарға сәйкес, осы жылы оқу-жаттығу жаппай су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша, оның ішінде:
– елді мекендерден қарды және ғимараттардың, сондай-ақ үй жанындағы учаскелердің, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының шатырларынан мұзды шығару;
– арықтарды, каналдарды, автомобиль және теміржол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын тазалау және сең жүрісін және тасқын суларды өткізуге дайындау;
– қорғаныс бөгеттерін, бөгеттерді және үйілме құрылыстарды нығайту;
– зардап шеккен халықты уақытша орналастыру орындарының (эвакуациялық пункттердің) дайындығын тексеру бірыңғай кешенді міндет форматында өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ алдағы уақытта еліміздің орталық өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайдағы ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы мен әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары топтамасын жедел көшіру бойынша іс-қимылдар пысықталатын болады.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жою жөніндегі шешімдерді әзірлікке келтіру және қабылдау бойынша «Дабыл-1001» мен «Тасқын-2002» екі негізгі сигнал бойынша теориялық және практикалық іс-қимылдар пысықталатын болады.
Қабылданған алдын алу шаралары биылғы жылдың көктемгі кезеңінде тасқын судың салдарын барынша азайтуға және келтірілген залалды азайтуға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button