БастыДенсаулық

Биыл Шығыс Қазақстанда ЭКО-ға 500 квота бөлінді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Осылайша, биыл ЭКО үшін квота 7 мыңға дейін, яғни 7 есе көбейді.

Шығыс Қазақстанда 2021 жылы ЭКО-ға 500 квота бөлінген. Квота алу үшін ең алдымен тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медициналық мекемеге барып, бедеулік бойынша тіркелу керек. Содан кейін оның нақты себебі анықталады. Өйткені квота тек әйел бедеулігі және еркек бедеулігінің емделмейтін ауыр түрлері болған жағдай да ғана тағайындалады.

«Мәселен, әйелдер квота алу үшін тексеру нәтижелерін алып, кезекке тұруы керек. Егер қарсы көрсетілімдер болмаса, онда ол репродуктивті технология жүргізетін клиниканы өзі таңдайды. Бүгінгі күні Қазақстанда 19 клиника квота бойынша жұмыс істейді», – деді ШҚО бойынша «Ақсаған сәби» бағдарламасына жауапты акушер-гинеколог Надира Слямханова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button