БастыҚоғам

Ақтаудағы жоғалған қыздың мәйіті табылды

Ақтауда «Жартасты соқпақ» маңында жоғалып кеткен 2002 жылғы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды «инАктау» және «Лада» басылымдары.

Бойжеткен 23 ақпанда кешке 11-ші шағын аудандағы үйінен шығып, таксиге отырған. Содан бері ешкіммен байланысқа шықпаған.

«Жағалауда оның жеке заттары табылды: сырт киімі, жемпір, бас киімі және ұялы телефоны»,- делінген әлеуметтік желілерде тараған жазбада.

25 ақпанда анасы полиция бөлімшесіне қызы жоғалып кеткенін хабарлады. Сол күні полицейлер оның денесін 4-ші «А» ықшамауданындағы «Жартасты соқпақтан» тапты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ.

«Факт бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button