БастыСаясат

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды.

«Сіздердің назарларыңызға Анатолий Сергеевич Смолинды және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр.

Президент Жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар, судья Әбнәсіров зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берді», – деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов Қостанай облыстық сотының жаңадан тағайындалған төрағасы А. Смолинді қашықтан таныстырған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button