Бастыпроисшествие

Семей қаласында жер үйден өрт шығып, 2 адам қайтыс болды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 наурызда сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер үй ішінен 2 газ баллонын алып шықты.

«Жалын шарпыған жалпы аумақ 180 шаршы метрді құрады. Барлау жүргізу барысында бөлмеден 1946 жылғы үй иесі мен оның 1976 жылғы ұлының денесі табылды», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – отпен абайсыз әрекет ету, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау немесе электр жабдықтарының апаттық режимде жұмыс істеуі себеп болуы мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button